Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95
427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Изенді» полигонында бригадалық тактикалық жаттығулар аяқталды

  • 123
  • UPD: 14:11, 02.10.2020
«Изенді» полигонында бригадалық тактикалық жаттығулар аяқталды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Изенді» полигонында бригадалық тактикалық жаттығулар аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 400-ден астам техника мен екі мыңға жуық әскери қатысты. Шартты ұрыстың талабы бойынша сарбаздар дабыл қағылған мезетте Семей және Аягөз қалаларынан жаттығу өтетін жерге дейін шұғыл жету керек болған. Бұл – 600 шақырымдық жол. Сардарлардың біліктілігі арқасында техника мен жеке құрам ұйымдасқан түрде бұл міндетті абыроймен атқарды. Жаттығу барысында құрлық әскерлері мен әуе күштері біріге отырып, «қарсыластарын» тізе бүктірді. «Мұндай жиындардың әскерилер үшін моральдық-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерін күшейту үшін маңызы зор», - дейді Қарулы күштердің қолбасшылығы.

Асан Жүсіпов, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жетекшісі:

- Әскерлеріміз қазіргі заман талабына сай болу үшін әрбір командир сын сағатта тактикалық қимыл мен жедел әрі нақты шешім қабылдауға дайын болу керек. Бүгінгі жаттығулар осы мақсатты көздеген. Біз оған толық қол жеткіздік деп сеніммен айта аламын.

 

Хабар 24 телеарнасы