430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Қазақстан облысына барып жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемақы беріледі

  • 222
  • UPD: 22:16, 02.10.2020

Солтүстік Қазақстан облысына медицина саласының мамандары жетіспейді. Өңірге 210 дәрігер қажет. 140 маман қалаға керек болса, қалған 70-і ауылдық жерлерге қажет.

Аталған мәселені оңтайлы шешу үшін облыстық бюджеттен әлеуметтік жәрдемақы қарастырылып отыр. Бұдан былай ауылдан бөлек қалаға да жұмыс істеуге келген дәрігерлерге 1,5 миллион теңге көлемінде үстемақы беріледі. Мұнымен қоса баспанамен қамтамасыз етуге де көмектеседі. 

Қабдырахман Сақтағанов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Соңғы кездері бес жылдай болды осы кадр тапшылығы өсе бастады. Оның себептері біріншіден бұрынғыдай романтизм жоқ қазір. Екіншіден пристижы түсіп жатыр. Үшінші себебі ол дәрігердің жалақысы көп емес. Соған қарап, осындай стимул жасап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы