432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында мал базарлары ашылмайды

  • 294
  • UPD: 19:35, 02.10.2020
Түркістан облысында мал базарлары ашылмайды

Түркістан облысында карантиндік шектеулерге байланысты мал базарлары әзір ашылмайды. Аймақта ірілі-ұсақты 29 мал базары бар.

Оларға тек облыс тұрғындары ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті көрші мемлекеттерден де мал саудалайтын адамдар келеді. Облыстың бас мемлекеттік ветеринар инспекторы мал сату орындары ашылса, індеттің таралу қаупі күшейіп кетуі мүмкін екенін алға тартты. Карантин кезінде өзге өңірлерден жеткізілген жануарлар алдымен р мамандардың бақылауынан өтіп, 7 күн бақылауда болуы тиіс.

«Бірақ біздегі алыпсатарлар мен базар иелері бұл талаптарды сақтай бермейді. Сондықтан жағдай толық реттелмейінше базарлардың жұмысын уақытша тоқтата тұрған дұрыс» дейді мамандар.

Нұржан Үсенбаев, облыстың бас мемлекеттік ветеринар инспекторы:

- Мал базарлары ауруды тарату тәукелділігі жоғары орын болып саналады. Өйткені малды тасымалдаудың өзіндік ветеринарлық тәртіптері бар. Алайда қазір көп мал базарларының иелері ол құқықтықталаптарды сақтамайды.

Хабар 24 телеарнасы