428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жайық суы тәуелсіздік жылдарында үш есеге азайды

  • 163
  • UPD: 22:14, 02.10.2020

Жайық өзені тартылып барады. Су көлемі соңғы 30 жылда үш есе азайған. Экологтар осылай деп дабыл қағып отыр. Бұрын өзенде тоғыз миллиард текше метр су болса, қазір су деңгейі үш есеге төмендеп кетті. Салдарынан ағыс баяулап, балық азайған.

Балыққа инвестицияның қажеті жоқ. Өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасасаң өзі-ақ көбейеді. Жайықтың жағасында қырық жылға жуық жұмыс істейтін балықшылар осылай дейді. Ата кәсіптің қыр-сырын меңгерген олар үшін су деңгейінің бірқалыпты сақталуы өте маңызды.

Қалиден Меделов, балықшы:

- Жайықтың арнасы қазылып, кеңейсе. Тек Жайықтың емес жыралар бар біздерде. Сол жыралардың әрбір алыптары бар. Каспийдің құяр сағасы мен Жайықтың құяр сағасы тереңдетіліп қазылса және де мына су мәселесі. Көктемде су өрсуі келеді. Жазғытұрым сол өрсуінің келуі жылдан жылға азайып келе жатыр. Мемлекетаралық мәселе шешіліп, бізге су келсе Орал тауынан. 

Кіші дамбы тартымында тұрған балықшылар бүгін 400 келіден астам сыла балығын ұстады. Күн қыза тағы да суға ау салады. Бірақ барлығы ауа райына байланысты.

Ақмарал Каукенова, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы:

- Жайық өзенінде күзгі балық аулау маусымы 16 тамызда басталып кетті. Қазіргі уақытта кәсіпшілік балық аулау жұмыстары жақсы жүргізіліп жатыр. Әр қайықтан 100-150 кг ақмарқа, 20-360 кг табан балықтары әкелініп жатыр. 

Ал мына қабылдау пунктіне сазан, ақмарқа сынды ірі балықтарды тапсырады. Олар негізінен Каспий теңізінің ашық бөлігінен ауланады. Жергілікті мамандардың айтуынша, мұнда күніне екі тоннадан бес тоннаға дейін балық әкелінеді.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

Каспий жағалауынан ауланған балықтар осы жерге әкелініп тапсырылады. Алдымен балықты мына таразыда өлшейді. Салмағы қанша болды?

- 90 кг.

90 келі балық. Кейін оны мынадай бокстарға салады. Айта кетерлігі бір бокстың ішіне 500 келі балық сыяды. 

Жайықтың фаунасына адами фактор да әсер етіп отыр. Моторлы қайықтан қашқан балықтардың жүзу бағыты өзгерген. Десе де, су деңгейінің төмендеуі  мұндағы басты мәселелердің бірі. Жайыққа құятын судың негізгі көлемі Ресейдің шекара маңындағы өңірлерінің су қоймаларында сақталады. Сондықтан жергілікті мамандар мен балықшылар бұл мәселені үкіметаралық деңгейде шешуді сұрайды. 

Ғазиза Мұхамеджанова, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы