432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО: соңғы тәулікте тұмаудан 85 құс қырылды

  • 190
  • UPD: 20:02, 02.10.2020
СҚО: соңғы тәулікте тұмаудан 85 құс қырылды

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы тәулікте 85 бас құс өлген. Карантинге жабылған 29 ауылда эпизоотияға қарсы жасақ мамандары өлекселерді өртеп, залалсыздандыру жұмыстарымен айналысып жатыр. Қауіпті індет анықталған ошақтардан 20-25 шақырым аумақта үй құстарына екпе салынуда. Бүгінге дейін шамамен 336 мыңнан астам вакцина егілді. Ал 8 ауылда құстардан алынған патологиялық материал елордаға сараптамаға жіберілді. Оның нәтижесі 1-2 күнде белгілі болады.

Қайырлы Қазанов, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- Қырылып жатқан қанаттылар саны күннен күнге азаюда. Мысалы, 29 қыркүйекте 395 бас құс өлсе, бүгін ол 85-ке дейін төмендеді. Соңғы 3-4 күн қорытындысы бойынша жағдай тұрақтала бастады. Ал жалпы осы тұмау басталғалы өңірде 200 мыңнан астам құс өлді. Оның 16 мыңы жеке үйлердікі.

Хабар 24 телеарнасы