432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеу бағытындағы ұшақтарға арзан билет жоқ

  • 198
  • UPD: 21:48, 02.10.2020

Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағыты бойынша билеттерге сұраныс жоғары.

Мәселен, қазір «Эйр Астана» компаниясында қазан мен қараша айларына билет жоқ. Мамандардың хабарлауынша, бұған дейін карантин кезінде рейстер тоқтатылған болатын. Алдын ала билет сатып алған азаматтар Мәскеуге ұша алмай қалды. «Эйр Астана» компаниясы осы жолаушыларға қазан-қараша айларында ұшуға мүмкіндік беріп, билеттерін қайта броньдады. Сондықтан қазір эконом санатына сатылым жоқ. Енді баратындар Мәскеуге тек желтоқсан айында ұша алады. Ал түрлі сайттарда көрсетілген қымбат бағалар бизнес санатындағы орындарға тиесілі.

Хабар 24 телеарнасы