427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жаңадан ашылған аурухана індет өршіген жағдайда жұмыс істеуге дайын

  • 136
  • UPD: 21:45, 02.10.2020

Алматыда екі айдың ішінде 300 орындық аурухана бөй көтерді. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімшесі болып ашылған бұл модульді госпиталь жағдай ушықса ересектерді де қабылдауға дайын. Медициналық мекеме барлық заманауи техникалық  құрылғылармен жабдықталған. 

Жаңа модульдік стационар қалалық «Балалар жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасының» бөлімшесі болып табылады. Қандай да бір инфекциялық аурулар эпидемиясы болған жағдайда  4 ауданның балалары  осында жатқызылады. 

Ержан Сералин, қалалық балалар жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасының бас дәрігері:

- Ол Әуезов, Алатау, Жетісу және Наурызбай ауданы. Ал егер де ковид өршитін заман болып жатса, Құдай сақтасын, сол уақытта онда бұл больница толық ковидке қарсы, коронавирусқа қарсы емдейтін аурухана болып жабылып, барлық адамдарды үлкен демей, бала демей барлық науқастарды осы жерде қабылдап емдейтін боламыз. 

Ауруханада 8 бөлімше бар. Ал жансақтау бөлімінде әрқайсысы   өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған 30 орын  қарастырылған. Пандемия кезінде бой көтерген модульдік аурухананың барлық төсек-орыны медициналық газбен жабдықталды. Яғни дем жетпей жатқан науқасқа мүмкіндігінше жағдай жасалған. Бұл  «ақылды» госпиталь екен.

Ержан Сералин, қалалық балалар жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасының бас дәрігері:

- Әр палата өзінің жаңағы аудиосвязь дейміз, медбикені шақыратын вызовымен. СКЛ Науқастың қасына келіп медсестралар мына планшетке өзінің показательдерін артериальное давление, температура, сатурация барлығын соған енгізіп, дәрігерлер ординаторскийде отырып уже қарай береді. Сондай қазір бізде электрондық жүйе бар.

Яғни әр науқастың хал-жағдайы мониторда көрсетіліп тұрады. Оның тәуілік бойғы  жәй-күйін салыстырып қарап отыруға болады. 

Қамалжан Надыров, қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Бұл ауруханада   жұқпалы аурулар қауіпісіздігі  қатаң сақталған. Әр бөлімше өздігімен жұмыс жасайды. Есіктері де бөлек. Мұнда ауаны тазарту жүйесі жақсы жұмыс істеп тұрғандықтан,  бір-біріне жұғып кету қауіпі жоқ. Тіпті кәріз жүйесінен шыққан және медициналық қалдықтар да залалсыздандырылып отырады.

Мұнда инфекционист, балалар дәрігері, компьютерлік томограф және  рентгенолог секілді 320 медицина маманы еңбек ететін болады. Олар бір аптадан кейін алғашқы науқасты қабылдауға дайын. Сонымен Алматыдағы коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған  ауруханалардағы төсек-орын саны  жеті мыңнан асты.

Автор: Алуа Маханбет

Хабар 24 телеарнасы