430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысы Бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті

  • 254
  • UPD: 23:26, 02.10.2020
Қарағанды облысы Бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті

Қанат Асқаров Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жұмыстан өз еркімен кеткен. «Қанат Қырғызбайұлы Асқаров денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан шығарылды» деді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, Қ.Асқаров бұл қызметке 2019 жылдың қараша айында тағайындалған еді. Сол кезге дейін Саран қаласының орталық ауруханасының директоры болған. Ведомствода бос лауазымға кімнің тағайындалатыны хабарланған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы