428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жеті млрд теңгеге алынған автобустар қолданусыз тұр

  • 222
  • UPD: 23:49, 02.10.2020

Атырауда жазда алынған 170 жаңа автобус әлі жолға шыққан жоқ. Себебі қоғамдық көліктер тек метан газымен жүреді. Ал аймақта мұндай газ құю бекеттері жоқ.

Метан газымен жүретін автобустардың соңғы легі аймаққа жарты ай бұрын әкелінді. Заманауи қоғамдық көліктерді өңір басшысына да сол кезде көрсеткен. Бірақ жаңа автобустар автопаркте әлі де шаң басып тұр. Оларды жүргізу үшін  метан газын құю беткеттерін салу керек. Ал аймақта мұнай станциялар жоқ. Автопарк құрылтайшыларының бірі мұндай бекеттердің құрылысы  туралы алдын ала белгілі болғанын айтады. Дегенмен, іс жүзінде автобустар алынды, ал станция салынған жоқ. 

Мемлекеттің өзі салу керек еді. Мен күтіп жүре алмаймын, менің лизингім бар. Сондықтан басқа құрылтайшымен бірге осы жанармай құю бекетін салуға кірістік. Егер оларды күтсек,  бұл автобустар келер жылға дейін тұрады.

Бір автобус орта есеппен 40 миллион теңге тұрады. Қоғамдық көліктерді әкелу үшін құрылтайшы 7 жылға 7 миллиард теңге несие алған. 

- Ал сіз  жанармай құю бекетін салмайтынын қашан түсіндіңіз?

- Бұл шамамен екі ай бұрын болды. Біз оларға жер тауып, сатып алу керектігін айтқан кезде болды. Мемлекет те, әкімдік те метан құюға болатын құбыры бар учаскені таппады. Сосын олар бас тартты. Сол кезде бұл мәселе ашық қалатынын түсіндім, сосын өзім әрекет ете бастадым.       

Қоғамдық көліктер тұралап қалмау үшін құрылтайшы автопарктың бұрышында метан газын құю станциясын сала бастады. Жалпы метан экологиялық тұрғыдан тиімді көрінеді. Әрі бұл газдың бағасы да төмен. Пропан газымен салыстырғанда метан үш есе арзан.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Метан газымен жүретін 170 автобусты, 160-ы қалаішілік және қала маңындағы бағыттар бойынша жүреді. Қалған 10 автобус қаларалық бағыттарға арналған. 

Жаңа көліктердің жолға шықпағанын қала тұрғындары да байқаған. Сапалы әрі ыңғайлы автобустарды күткен тұрғындардың қазіргі көліктерге көңілі толмайды. 

БЛИЦ:

- Китайский автобус алынды ғой. Сарысы ма? Көгі ме? Қайда олар? Қайда? Вообще ол жақтан керек емес. Қайтарып жіберіңіз оларға.

- Автобустың нелеріне менің көңілім толмайды. Біреуі міне қазір түсіп келе жатырмын, қатты айдап келе жатыр. Әкімдікке хабарладым, бірақ ешқандай не болған жоқ. Шара қолдансын тәртіпке шақырсын.Я вот только на зеленых ездила.

- А зеленые это новые или старые?

- Зеленые это оказывается новые. Потому что я еще видела и похуже там синие, белые. Но они старые уже сразу видно.

Құны 660 миллион теңге болатын газ құю бекетінің құрылысы уақытында аяқталса, жаңа көліктер қараша айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Авторлар: Ғазиза Мұхамеджанова, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы