428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде карантиндік шектеу шараларына салғырт қарау тыйылмай тұр

  • 130
  • UPD: 09:40, 03.10.2020
Ақтөбеде карантиндік шектеу шараларына салғырт қарау тыйылмай тұр

Әсіресе, кәсіпкерлік нысандары санитарлық талапты жиі бұзылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны тексеру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері мен мобильді топтардың мүшелері анықтап отыр. Дәмхана, мейрамхана секілді қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендер өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына бағынбаған. Олар жұмыс уақытын ұзартып алған. Тіпті қызметкерлерінің дене қызуын өлшемей еңбек етуіне жағдай жасаған. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарда бетперде тағу, арақашықтықты сақтау тәртібінің де жиі бұзылатыны анықталып отыр. Облыс тұрғындары да карантин талаптарын ескере бермейді. Көпшіліктің қатысуымен отбасылық шараларды өткізу деректері азаймай тұр. Жалпы соңғы үш айда анықталған кемшіліктер бойынша заңды және жеке тұлғаларға 75 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Айсәуле Оралбаева, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Тұрғындармен әлі де мерекелік шараларды өткізу тоқталмай отыр. Той, садақа және туған күн шаралар әлі жалғасын табуда. Мұндай мекемелердің кәсіпкерлеріне біз 24 хаттама толтырылып, 24 айыппұл салынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы