427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Праймериз: Ақтөбе облысында 20 мыңнан астам нұротандық өз таңдауын жасады

  • 220
  • UPD: 14:35, 03.10.2020

Олар елімізде өтіп жатқан саяси науқанға онлайн әдіспен атсалысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін таңғы сағат 8-ден бастап жергілікті сайлау учаскелерінің де есігі айқара ашылды. Дәстүрлі жолмен дауыс беремін деушілерге де мүмкіндік берілді. Осы өңірдегі тілшіміз Мансұр Есқожин қазір студиямен тікелей байланыста.

Мансұр Есқожин, тілші:

– Санитарлық талаптарды айтпағанда, қазіргі заманауи мүмкіндіктер сайлау учаскесіне келмей-ақ дауыс беруге мүмкіндік береді. Мәселен, Ақтөбе облысында тіркелген партия мүшелерінің саны 30 мыңнан астам болса, олардың 20 мыңы онлайн әдісімен таңдауын жасап үлгерген. Дәл осы уақытта интернет арқылы да, дәстүрлі жолмен де үміткерлерді таңдау жалғасып жатыр. Өңірде 42 дәстүрлі сайлау учаскесі белгіленген. Біз қазір солардың біріндеміз. Көріп тұрғаныңыздай, сайлаушылар саяси науқанға белсенді атсалысып жатыр. Праймеризге қатысқан үміткерлердің саны да аз емес. Ақтөбе облысынан барлығы 460 кандидат тіркелген болатын.

Ербол Данағұлов, Nur Otan партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Ережеге сәйкес қазіргі таңда 30 проценті әйел адам, 20 процент жастар болуы керек делінген. Бірақ ақтөбеліктер белсенділік танытып, 30 процент әйелдің орнына 36-ға көтеріліп, жастар 29-ға дейін барды. Бір орынға үш үміткерден талаптанып жатыр. Қазіргі таңда облысымызда 200-ге жуық депутат болатын болса, қазір 486 адам тапсырды. Оның ішінде 30 проценті квотамен. Енді 500-дің үстінде адамымыз бар.

Бұған дейін үміткерлер партияластарымен 5 мыңнан астам кездесу өткізген. Өз бағдарламаларын ұсынып, өңірде қордаланған мәселелердің оңтайлы шешу жолдарымен бөлісті. Оның 642-сі онлайн форматында ұйымдастырылды. Сондықтан ақтөбеліктер өздерінің көңілінен шыққан кандидатты таңдауға мүмкіндік алды деген сенім бар.

Хабар 24 телеарнасы