432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысынан праймеризге 1 мың 47 адам қатысып жатыр

  • 216
  • UPD: 14:37, 03.10.2020

Соның 24-і Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіне, қалғаны облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткер, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партияішілік додаға түсіп жатқандар осыған дейін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, екі мыңнан аса шара өткізген. Дайындаған бағдарламасын таныстырып, өзара пікірсайысқа да түсіпті. Кешелі бері 89 мыңнан астам партия мүшесінің 55 проценті өз таңдауын жасаған. Олар үшін өңірлерде 315 дауыс беру орындары әзірленді. Сонымен қатар орталық аппараттан 1 мың 200-ден аса бюллетень жеткізіліп, аумақтық филиалдарға таратылған екен. 

Жанболат Жөргенбаев, «Nur Otan» партиясының АОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Қатысып жатқан адамдардың арасында 30 пайыздан астамы – әйел адамдар. 20 пайыздан астамы – 35 жасқа дейінгі жастар. Сонымен қатар мүмкіншілігі шектеулі әріптес азаматтарымыз бар. Барлық саладан қатысып жатыр. Негізі үміткерлерге бірдей жағдай жасалынған.

Хабар 24 телеарнасы