432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында «Nur Otan» партиясының ішкі сайлауы өтті

  • 171
  • UPD: 15:28, 03.10.2020

Бүгін саяси ұйым мүшелері дәстүрлі түрде дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлаушылардың саны таңғы уақытта аз болғанымен, белсенділік түске қарай байқалды. Таңдау жасағандардың алғашқы легінде облыс басшылығы мен мемлекеттік қызметшілер бар. Жалпы праймериз облыстың қала-аудандарындағы 149 учаскеде ұйымдастырылды. Олардың 122-сі онлайн режимде, ал 27-сі дәстүрлі режимде жұмыс істеді. Шара барысында санитарлық талаптар қатаң сақталды. Әлеуметтік қашықтықтың сақталуын партиялық комиссия жіті бақылады. Дауыс беруге 612 үміткер қатысса, ал негізгі науқанда 553 кандидат бақтарын сынады. Өңірде саяси құрылымның 50 мыңға жуық мүшесі бар. Облыс орталығының өзінде 14 мыңнан астам партиялық бар.

Илья Теренченко, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары&

– Павлодар облысы бойынша ішкі сайлауға қатысушылардың белсенділігі жақсы. Сайлау комиссиялары үшін қолайлы жағдай жасалған. Санитарлық шаралардың барлығы қолға алынды. Бетперде режимі сақталып, кіріп-шыққан әр адамның дене қызуы тексерілді. Учаскелердің барлығы тиісті құралдармен жабдықталды.

Хабар 24 телеарнасы