428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдіктер Қазақстанға коронавирусты анықтайтын тестпен ғана кіре алады

  • 169
  • UPD: 21:17, 04.10.2020
Шетелдіктер Қазақстанға коронавирусты анықтайтын тестпен ғана кіре алады

6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, талаптар күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа қаулыға сәйкес өзге мемлекеттердің азаматтары біздің шекарадан өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР-тест нәтижесін ұсынуы тиіс. Анықтама болмаған жағдайда кіре алмайды. Халықаралық рейстермен келген қазақстандықтарда осындай анықтама болмаған жағдайда олар зертханалық тексеру үшін екі тәулікке карантиндік стационарға оқшауланады. Ал әлеуметтік желіде тараған елорда іргесіне тағы да блок-бекеттер қойылады деген ақпаратты, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жалған деді.

Хабар 24 телеарнасы