430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында заңсыз қоқыс тастау дерегі тыйылмай тұр

  • 187
  • UPD: 10:43, 05.10.2020

Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі түсірген ғарыштық фототүсірілімде өңірде осындай 265 қоқыс алаңының бар екені анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның көбі Кентау қаласының аумағында орналасқан. Табиғатқа залал келтіретін бұл олқылықтар қашан шешіледі? Ол үшін қандай жұмыстар қолға алынған?

Жандос Жұмабек, тілші:

- Бұл – Қарнақ ауылы тұрғындарының қоқыс төгетін алаңы. Тасжолдан бір шақырым қашықтықта орналасқан. Алайда осында күзетші болып жұмыс істейтін Әбдіғали есімді жігіт ағасы ауыл тұрғындарының көбісі қоқысты арнайы белгіленген орынға емес, жол-жөнекей сай-салаға төге салатынын айтады.

Әбдіғали Валхан, күзетші:

- Адамдар ана жаққа төгу керек, түнде ешкім болмаған соң осында кеп төгіп кетеді. Ол заңсыз. Сондықтан мен күндіз осы жерді қараймын. Заңсыз төгіп кететінер көп. Көлік болса, мен ана жаққа апарып тастаймын.

Жалпы Кентау қаласына 12 ауыл қарайды. Олардың барлығында өз қоқыс алаңдары бар. Бірақ оларда да дәл осындай жағдай қайталанған. Өңірдегі экологияға жауапты мамандардың айтуынша, Кентау қаласы мен оған қарайтын ауылдарда табиғатты ластайтын 67 заңсыз қоқыс алаңы анықталған. Кенді шаһардағы көп қабатты үйлердің ауласында да бей-берекет тасталған қоқыстар шашылып жатыр.

Әбдісамат Исрайлов, Кентау аудандық түкш бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Сол бойынша біз жұмыс жасап жатырмыз. Қазірдің өзіне 60-70%-ін орындап қойдық. Расын айту керек Шорнақ, елді мекенінің әкімі жаңадан ауысып, сол кешіктіріп жатыр. Одан кейін Майдантал ауылында он шақты нүктелеріміз бар. Қазір сонымен айналысып жатыр. Жақын арада бітеміз. Ал қала бойынша шынын айту керек, кешегі жаз айларында шамалы бізде ахаулық болды. Өйткені техникалар, 9 техника бар. Оның жартысы жөндеуді қажет еткендіктен, қажетті жұмысты істей алмадық. Бүгінгі таңда шамалы реттеліп қалды.

Жақында Экология министрлігі заңсыз қоқыс алаңдарына қатысты ғарыштан түсірілген фотосуреттерді жариялады. Онда жалпы Түркістан облысы бойынша осындай 265 қоқыс алаңының бар екенін анықталған. Өңірдегі Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында да жағдай мәз емес. «Заңсыз қоқыс алаңдарының көбеюіне жергілікті билік те бұқара да кінәлі», - дейді облыстық экология басқармасының мамандары. Жыл басында облыс әкімдігі мен жауапты сала өкілдері осы түйткілді шешу үшін аудандарға 275 хат жолдапты. Бірақ соның көбі қағаз күйінде ғана орындалған.

Имангелді Түймебаев, облыстық экология департаментінің басшысы:

- 2019 жылы 303 орын анықталған болатын. «Оның барлығы тазаланды», деп сіздер мәлімет бергенсіздер. Алайда, біз аралап көрдік, оның барлығы тазаланбаған. Қайта көбейген. Бей-берекет жатқан полигондар бар.

Өңірде заңсыз қоқыс алаңының көбеюіне тағы бір себеп бар. Ол – арнайы полигондардың аз болуы. 900-ден астам елді мекені бар облыста 30-ға жуық қоқыс төгетін орын қарастырылған. Сонымен қатар облыста тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткіші де өте төмен. Оның тек 9%-і ғана қайта кәдеге жаратылады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Самат Нағашбекұлы

Хабар 24 телеарнасы