Қарағанды облысында түнде қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кеше ғана жаймашуақ болған күн райы қазір 0 градустан төмен болып тұр. Синоптиктердің болжауынша, күндіз ауа температурасы минус 6 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Төтенше жағдайлар департаменті мамандардың сөзінше, облыстың кей жерлерінде секундына 28 метр жылдамдықпен қатты жел соғады.
Атап өткен жөн, өңірде жылу беру маусымы 25 қыркүйекте басталды.