427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар ЖРВИ-мен өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп ауыруда

  • 144
  • UPD: 14:16, 05.10.2020
Алматылықтар ЖРВИ-мен өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп ауыруда

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында 2020 жылдың қыркүйегінде қалада ЖРВИ-дің 7 090 жағдайы тіркелгенін, бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 355, 12-ні құрағанын хабарлады.

Бұл өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 1,92 есе жоғары (3 598 жағдай).

2019 жылдың қазан айынан бастап 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін барлығы 85 975 ЖРВИ оқиғасы тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіші 4421,24 құрады. Бұл өткен эпидемиологиялық маусым кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға төмен. ЖРВИ-мен 11 852 адам ауруханаға жатқызылды.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, биылғы жылы тұмауға қарсы 130 мың доза алдын ала болжанған вакцинаның 300 000 дозасын сатып алуға қосымша өтінім берілген.

Хабар 24 телеарнасы