427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда карантин талаптары жеңілдейді

  • 144
  • UPD: 13:36, 05.10.2020
Алматыда карантин талаптары жеңілдейді

Ал қазанның алтысынан, яғни, ертеңнен бастап Алматыдағы театрлар көрерменге есігін айқара ашады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантин талаптары жеңілдегенімен, залдың тең жарымын ғана толтыруға рұқсат. Сондай-ақ көрермендерді отырғызған кезде арақашықтықты сақтау қажет. Ал, мәдени нысандардың жұмысшылары залды үздіксіз желдетуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұдан бөлек, көлік жөндеу және жуу станциялары, аяқ киім жөндеу шеберханалары, киімді химиялық тазалау және тұрмыстық техниканы жөндеу нысандарының жұмыс уақыты ұзартылды. Енді олар таңғы 10:00-ден түнгі 00:00-ге дейін қызмет көрсете алады. Бұған дейін қоғамдық тамақтану орындарына жұмыс істеуге рұқсат берілген еді. Тек үлкен іс-шараларды өткізуге әлі де тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы