427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да карантин тәртібін бұзғандар жайлы хабарламаға сыйақы тағайындалды

  • 156
  • UPD: 15:18, 05.10.2020
БҚО-да карантин тәртібін бұзғандар жайлы хабарламаға сыйақы тағайындалды

Батыс Қазақстан облысында карантин талаптарын бұзу деректері туралы хабарлаған адамдарға сыйақы қарастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір ай ішінде полиция қызметіне заңсыз өткізілген жиын-тойларға қатысты 24 мәлімет келіп түсті. Тәртіп сақшылары Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарымен бірлесіп, тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде әзірге 8 дерек расталды. Карантин ережелерін елемеген той-думан иелері мен ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Кәмшат Серікқызы, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы:

- Ол туралы тиісті құжаттар жинақталды. Жиын-тойлар тойханалармен қатар, коттедждерде де өткізілгені анықталды. Бір адамға 10 АЕК сыйақы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы