432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баянауылда да күн суытып, қар түсті

  • 228
  • UPD: 15:20, 05.10.2020
Баянауылда да күн суытып, қар түсті

Павлодар облысының Баянауыл ауданында да бүгін күн суытып, қар түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, әзірге қар түріндегі жауын-шашын тек осы өңірде байқалды. Әлеуметтік желіде таратылған бейнежазбаларда қардың қалыңдығы бірнеше милиметрді құрайды. Десе де, жергілікті метеостанция қар жабындысының биіктігін тіркемеген. Ақ ұлпаның тез еріп кетуі ықтимал. Айта кетейік, бүгін Ертіс өңірінде ауа температурасы -1 градусқа төмендеді.

Елена Головченко, инженер-синоптик:

- Аймағымызға салқын циклон келе жатыр. Осыған байланысты облыста ауа температурасы -6 градусқа дейін төмендейді. Ал өңіріміздің оңтүстігі, яғни, Баянауыл ауданында қар түсті. Бірақ тұрақты қар жабындысы қалыптасқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы