428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада электр энергиясының тарифі көтерілуі мүмкін

  • 124
  • UPD: 15:20, 05.10.2020
Елордада электр энергиясының тарифі көтерілуі мүмкін

«Астана-АЭК» акционерлік қоғамы электр энергиясының тарифін көтеруге өтініш берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бір ай қаралады. Баға алдағы бес жыл ішінде біртіндеп көтеріледі. Бұл мекеменің 2021-2025 жылдарға арналған электр энергиясын беру тарифтерінің шекті деңгейін бекіту жөніндегі жиын барысында белгілі болды. Тарифті көтерудің негізгі себептері: мүлік салығы, негізгі құралдарды жөндеу және пайдалану бойынша шығындардың ұлғаюы, энергия объектілеріне кеткен шығындар, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы ұйымдар функцияларының бір бөлігін электржелілік компанияларға берілуі. 2021 жылы тариф ағымдағы жылмен салыстырғанда 71,1%-ке өседі. Ал алдағы 5 жылда орташа тариф 6,36 теңге киловатт-сағат деңгейінде болады.

Болат Тәңірбергенов, ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы:

- Бүгін біз қоғамдық тыңдау жүргіздік. Онда «Астана-АЭК» мекемесі 5 жылға жоспарланған тарифті өзгерту туралы баяндама оқиды. Олар өздерінің ұсынысын айтады, көпшілікке жеткізеді. Әрі қарай қоғам мүшелерімен барынша талқылаймыз.

Хабар 24 телеарнасы