432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы әуежайында санитарлық шаралар қатаңдатылды

  • 219
  • UPD: 15:13, 05.10.2020
Алматы әуежайында санитарлық шаралар қатаңдатылды

Алматыдағы халықаралық әуежайда санитарлық-эпидемиялық шаралар қатаңдатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, өзге елден ұшып келген азаматтардың қолында 72 сағаттан аспаған ПТР анықтамасы болу керек. Мұндай анықтамасы жоқ азаматтар ұшақтан түсе сала сынама алу пунктіне жіберіледі де, оның нәтижесі шыққанға дейін арнайы дайындалған қонақ үйлерге орналастырылады. Бұл азаматтарға ПТР тегін жасалады.

«Қалада қазір 17 зертхана жұмыс жасап тұр, сондықтан тест жетпей қалу жағдайы қайталанбайды», - деді онлайн-брифинг өткізген қаланың Бас санитар дәрігері.

Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері:

- Ең біріншіден, біз осы лабораториялық қуаттылығын күшейтіп, осындай зерттеу жасау мүмкіндігіміз бар. Келешекте бұл осы қазан айының ішінде 20 мыңға дейін жеткізіледі. Және де осы зертханаларда осы қосымша кадрларды дайындап жатыр. Керек болса, бұл зертханалар тек қана бір ауысыммен емес, 2-3 кезең бойынша жұмыс жасайды.

Хабар 24 телеарнасы