432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлағандар сотталды

  • 176
  • UPD: 15:24, 05.10.2020
Шымкентте әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлағандар сотталды

Шымкентте әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап сатқан сарбазға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сот басты айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ онымен сыбайлас болды деген өзге де айыпталушыларға сот үкімі шығарылды. Олардың екеуі, яғни, қару ұрлауға көмектескен ауылдастары енді 8 жылын темір торда өткізеді. Тағы бір азамат 5 жыл арқаласа, қалған үшеуі үш жылға сотталды. Ал айыпты деп танылған сегізінші азамат сот залынан босатылды. Осы қылмысқа сыбайлас болған екінші курс студенті мемлекетке 500 АЕК яғни, 1 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Дегенмен, қылмыстық істің басты фигуранты деп танылған сотталушы аталған жазамен келіспейтін сот залында мәлімдеді. Сот үкімі 10 күннен кейін күшіне енеді.

Еске сала кетейік, ақпан айында сарбаздың Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 АК-74 автоматын, 27 ПМ тапаншасын, 400 дана 5,45 оғын алып қашқаны туралы ақпарат тараған еді.

Жәмила Төленова, Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы:

-ҚР ҚК 291 бабының 1-2-4 тармақтарымен 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Жазаны Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін. Балғынбай Абылай Бағдатұлы кіші сержант әскери атағынан айырылсын.

Хабар 24 телеарнасы