429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Топыраққа көміліп, көз жұмған бала туралы куәгерлер айтып берді

  • 172
  • UPD: 18:19, 05.10.2020

Қостанай облысындағы Алтын дала ауылында ауыз су тарту барысында қайғылы жағдай болды. 17 жастағы бозбала құбыр өткізу үшін қазылған шұңқырға құлап көз жұмды. 

Оқиғаның нақты қалай болғаны жөнінде жауапты орындар анық ақпарат бермей отыр.

Куәгерлердің айтуынша, марқұмды сол жерде жұмыс істеп жатқан экскаватор қағып құлатқан болуы мүмкін. Көз жұмған бозбала сол ауылдың тұрғыны боп шықты. Ол елді мекенге ауыз су тартып жатқан мердігер кәсіпорында уақытша жұмыс істеп жүрген. Осы оқиға бойынша «кісі өліміне соқтырған еңбек қауіпсіздігінің бұзылуы» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сапарбек Төлепбергенов, марқұмның әкесі:

- Өзі құлаған дейді. Бала өзі құламаған. Ковщикпен бұрылып жатып қағып жіберген бастан. Енді мен трактористі кінәламаймын. Онда жұмыс болғасын болып тұратын шығар. Неге қоршау жоқ? Балалар секіріп, қарғып жүр. Шұңқырлар  ашық. Құдықтар бәрі ашық тұр.

Хабар 24 телеарнасы