427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада тәртіп сақшылары төбеттерді полиция қызметінде қолдана бастады

  • 79
Елордада тәртіп сақшылары төбеттерді полиция қызметінде қолдана бастады

Төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады.

Бұл туралы онлайн-брифингте ІІМ басшысының кеңесшісі Нұрділдә Ораз айтып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Күшіктер Алматыдан әкелінген. Бүгінде олар жаттықтырылып жатыр», – деді Нұрділдә Ораз.

Иттер есірткі табу және адамдарды иіс арқылы анықтауды үйретіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 38 ит қызмет етеді. Олардың басым көпшілігі – неміс және бельгия овчаркалары. Кинологтардың айтуынша, төбеттер жақсы үйретіледі және басқа иттерден кем түспейді.

Хабар 24 телеарнасы