429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

  • 180
  • UPD: 16:30, 05.10.2020
Ақтөбеде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел алдын алу шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

«Жергілікті бюджет есебінен бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім объектілері құрылысы мен жөндеу» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» мен бір серіктестік арасында жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын «Ақтөбе қаласының бір тұрғын ауданында 900 орындық орта мектептің құрылысы бойынша» мемлекеттік сатып алу құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы келісімшартқа қол қойылғаны белгілі болды.

Алайда жарияланған жұмыс толық көлемде жүргізілмеген, нәтижесінде алдын ала есеп бойынша келтірілген залалдың мөлшері 21,8 млн теңгені құрады», - делінген комитет хабарламасында.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 189-бабы, 4-б., 2-т. сәйкес (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру) жүргізіліп, жымқыру фактісіне мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың қатысы тексерілуде.

Хабар 24 телеарнасы