427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мобильді топтар демалыс күндері 34 карантин тәртібін бұзушылықты анықтады

  • 125
Мобильді топтар демалыс күндері 34 карантин тәртібін бұзушылықты анықтады

Полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған мобильді топтар карантин режимін бұзушылықтарды анықтауды жалғастыруда.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары ойын-сауық мекемелері, тамақтану орындары, сауналар мен моншаларға кіріп, иелеріне қолданыстағы шектеулер туралы ескертеді, сонымен қатар бұзушылықтарды анықтайды.

«Таңғы сағат 05:00 шамасында полицияға тұрғыннан түнгі уақытта барлық норманы бұза отырып, Шевченко көшесіндегі «Угол 4/1» кафесі ашық тұрғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Тексеру кезінде кафеде он келуші болды. Карантин шараларын бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, «Угол 4/1» иесі бас санитарлық дәрігердің талаптарын елемеген», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормалардың талаптарын бұзу бойынша тағы бір әкімшілік іс қозғалды.

Демалыс күндері барлығы 34 карантин тәртібін бұзушылық анықталды. Айта кетейік, мұндай рейдтер апта сайын өткізіледі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті азаматтарды жауапкершілік танытуға және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы