432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда 200 орындық инфекциялық аурухана ашылды

  • 171
  • UPD: 18:38, 05.10.2020

Алматы облысының орталығы Талдықорғанда 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Жалпы аумағы 6800 шаршы метрлік бұл жаңа медицина мекемесі 55 күнде бой көтерді.

Аурухананың операциялық және перзентхана залы да бар. «Ақылды аурухана» жүйелі бұл нысанда науқастардың денсаулығына тәулік бойы бейнемониторинг жасайды. Әр палатада шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған оттегін қосу құрылғылары орнатылған. Болашақта мұнда әртүрлі жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастар емделеді. Аурухана диагностикалық және зертханалық аппаратармен толық жабдықталады. Онда компьютерлік томограф, рентген, эндоскопиялық жабдық және электрокардиографқа арналған жеке кабинеттер жасақталған. Өңірдегі медицина қызметкерлерін үй-жаймен қамтамасыз ету мәселесіне де айрықша көңіл бөлініп отыр.

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

 – 20 орын ол реанимациялық орын. Барлық реанимационный төсектеріміз ИВЛ аппараттарымен жабдықталған. Біздің маманымызға қазіргі таңда үй беріледі коттеджный городоктан және де 60 квартиралық үй салынады бізге, медиктерге. Ноябрьде біздің общежитие салынып болады.  «Умная больница» деген системасы бар оның ішінде. Палатаның ішіндегі инфицированный ауа сыртқа шықпайды.

Хабар 24 телеарнасы