428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 23 жастағы келіншек алты баланың анасы атанды

  • 184
  • UPD: 17:49, 05.10.2020
Түркістан облысында 23 жастағы келіншек алты баланың анасы атанды

Түркістан облысында 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды. Сарыағаш ауданы Дербісек ауылының тұрғыны Еркінай Есенбаева облыстық перинаталды орталықта дүниеге үшем алып келді.

Қазір екі ұл мен бір қызды дүниеге алып келген ананың да, нәрестелердің де жағдайы жақсы. Көп балалы ананың дәрігерлерге айтар алғысы да шексіз. Сәбилердің әрқайсысының салмағы 2 келіден асады. Жас отбасы нәрестелерін Ақжан, Маржан және Бақжан деп атады. Тұңғышын 18 жасында дүниеге алып келген жас ананың бұдан бөлек 1 ұл, 2 қызы бар.

Жалпы биыл Түркістан облыстық номері 1-перзентханада 155 егіз және 3 үшем дүниеге келген. Ал жыл басынан бері өңірде 45 мыңнан аса сәби туған.

Еркінай Есенбаева, көп балалы ана:

- Балалардың кішкене салмақтары аз болғандықтан, әлсіз болғандықтан патология бөліміне ауыстырды. Қазір жағдайлары жақсы, өздері еміп жатыр. Дәрігерлер қарап жатыр, қарасып жатыр. Үйішімізбен бәріміз қуанып жатырмыз. Дәрігерлерге үлкен рахмет.

Хабар 24 телеарнасы