432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде кезекші кластарда вирус жұқтыру тіркелген жоқ

  • 95
  • UPD: 21:58, 05.10.2020

Семейде жаңа оқу жылында қауіпті індет жұқтырған оқушы тіркелген жоқ. Қазір қалалық білім бөлімі санитария дәрігерлерімен бірігіп, мектептерді тексеріп жатыр.

Мақсат кезекші сыныптарда оқитын оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігін сақтау талаптарын бақылау. Үш күнде 60-тан астам мектептің 23-інде тексеру жүріп, айтарлықтай ереже бұзу оқиғалары тіркелмеді. Тек бетпердені дұрыс тақпау сияқты кемшіліктер анықталып, ауызша ескертулер берілді. Мың жарымға жуық оқушысы бар №35 жалпы білім беретін орта мектепте 29 кезекші топ жұмыс істейді. Ата-аналардың өтініші бойынша 300-ден астам бастауыш сынып оқушылары білім алып жатыр.

Райгүл Жұмақанова, қалалық №35 жалпы орта білім беретін мектептің директоры:

- Бүгінгі таңда 1 қыркүйектен келген балаларымыздың барлығы сабағын оқып жатыр. Егер де денсаулығына байланысты қызуы, температурасы болса фильтрге, таңертең байқалған жағдайда онда оқшаулау кабинеті бар. Соған отырғызылып, бала онда үйіне қайтарылады. Бірақ бүгінгі таңға дейін әлі ешкім қайтарылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы