432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вирустың келесі толқыны Ресейден келуі мүмкін – БҚО эпидемиологтары

  • 160
  • UPD: 21:54, 05.10.2020

Батыс Қазақстан облысында қатерлі індеттің екінші толқынына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Санэпидемиолог мамандар коронавирус инфекциясы өзге елдерден келе ме деп алаңдаулы. Себебі індет өршіген Ресейден күн сайын облыс аумағына 3 мыңға тарта адам келеді. Тек қыркүйек айында шекарадағы өткізу бекеті арқылы 80 мыңдай автокөлік кірген. Аурудың өршуіне тұрғындардың қамсыздығы да басты себеп болуы мүмкін екен.

Облыс аумағында 1 әуе, 2 теміржол және 6 автокөлік өткізу бекеті жұмыс істейді.  Тек «Сырым» өткізу бекетінен күн сайын Орал қаласына 2 жарым мыңдай адам келеді. Ал Ресейдің көршілес облыстарында күн сайын осы дертті жұқтырған жүздеген адам анықталады.

«Сондықтан шекарада қатаң тәртіпті қайтадан енгізу қажет» дейді жедел штаб мүшелері.   

Бауыржан Рысбеков, ҚР ҰҚК ШҚ 2029 әскери бөлімінің бастығы:

- Карантин кезінде біздің облыс аумағынан өтетін өзге елдердің жүк көліктерін қарсы алып, кейін шекарадан шығарып салып жүрдік. Аталған жүк көліктерінің қалада, сервистер мен дүкендерде тоқтамай асып кетуін қаматамасыз ету үшін шектеу шарасын  қайтадан енгізуді ұсынамын.  Өйткені шекаралас облыстар мен Еуропада аурулар санының өсіп келе жатқанын көріп отырмыз ғой. 

Екінші толқынға дайындық ретінде өңірде грипке қарсы егілетін 120 мыңдай вакцина сатып алынды. Бір рет пайдаланылатын медициналық бетперденің  құны 40 теңгеге дейін арзандаған. Стационарларда қосымша 3 жарым мыңдай кереует дайындалыпты. Дегенмен, тұрғындардың қамсыздығынан қатерлі індет қайта өршуі мүмкін. Соңғы ай жарым уақытта карантин ережесін елемеудің жүзден аса дерегі анықталып, тәртіп бұзғандарға 8 миллион теңге айыппұл салыныпты. Алайда айыппұлға айылын жиятындар аз. Мониторингтік топтар карантин кезінде өткен 100 шақты тойды әшкерелепті. 

Аслан Жармұханов, мониторингтік топ жетекшісі:

- Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша магазиндер сағат 22:00-ге дейін, общественный пиатние субъектілері 23:00-ге дейін жұмыс жасауы тиіс. бірақ біздерде нормаларды бұзушылар анықталды. Алдыңғы жұмада бізде магазиндер, алкомаркеттер бар 10:00-ден кейін жасайтын. Той жасап жатқан фатклітер бар 4 факт. Қазіргі таңда біздер СЭС-ке 60 материал жолдадық. Оның ішінде 21 материал бойынша протокол толтырылды.  

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

- Бұл індет әлі де арамызда бар, әлі де кеткен жоқ. Басқа елдерде қайтадан бас көтеріп отыр. Сондықтан санитарлық шараларды біз қайта күшейтуіміз керек. Бірақ жазда жағдайға келсек әрине ол экономика әлсіреп қалуы мүмкін. Осындай қатаң шараларды қайтадан қабылдамау үшін біздің кісілеріміз әрқайсысы талап қою керек, мынадай шараларға қатыспау және өзін сақтауы керек.  

Қоғамдық көліктер иелеріне бетперде кимеген жолаушыларды тасымалдауға тыйым салу жөнінде тапсырма берілген. Қатерлі індеттің таралуын тежеу ең басты міндет. Ал алдағы тәуліктерде аймақта ауа райы күрт суытуы мүмкін. Сондықтан әлеуметтік нысандар мен көп қабатты үйлерге жылу беріле бастайды.

Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылгасов, Канат Махмутов

Хабар 24 телеарнасы