432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда жасырын той жасау тыйылмай тұр

  • 170
  • UPD: 20:12, 05.10.2020
Ақтауда жасырын той жасау тыйылмай тұр

Маңғыстау облысында карантинде той тойлайтындар тыйылмай тұр. Өткен демалыс күндері тығылып той жасаған тағы бірнеше отбасы анықталды. Олардың әрекеті полиция қызметкерлерінің мейрамханалар мен көңіл-көтеру орындарына жүргізген рейд шарасы барысында әшкере болды.

Адамнан айла артылған ба, той иелері мейрамхана қожайындарымен бірігіп, қулыққа барады. Ғимараттың терезелерін ішкі жарығы көрінбейтіндей етіп қымтап, қонақтарды артқы есіктен кіргізген. Тәртіп сақшылары тойды тоқтатып, адамдар үйілеріне қайтарылған. Ал мейрамхана иесі мен той жасаушылардан түсініктеме алынып, шара қолдану үшін іс қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Рейд барысында облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысын өрескел бұзған дәмхана-барлардың иелері де анықталды.

Еркін Елеусізов,  қалалық полиция басқармасы бөлімшесінің басшысы:

- Карантин режимін бұзып, уақытынан тыс жасағандар кафе, барлар қазіргі таңда 23:00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат берілген. Ал мейрамханалар жұмыс жасауға рұқсат берілмеген. Оның ішінде кафе-барларда 50 адамнан аспауы керек. Сол бар, барлығын санағанда 128 құқық бұзушылық анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы