427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда салынып жатқан ойын алаңдарының сапасы сын көтермейді

  • 128
  • UPD: 21:37, 05.10.2020
Петропавлда салынып жатқан ойын алаңдарының сапасы сын көтермейді

Петропавлда жаңадан салынып жатқан ойын алаңдарының сапасы сын көтермейді. Олқылықты арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізген мониторингтік топ анықтады.

Шаһарда екінші жыл қатарынан аулаларды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ көбінде арнайы қауіпсіздік жабындысы жоқ. Әрі қоршалмаған. Қалалық әкімдік балалар ойын алаңдарының «авторлық дизайн туындысын» сатып алу үшін кәсіпкермен екінші жыл тікелей шарт жасасқан. Бірақ жоба құны биыл әлдеқайда қымбат болып отыр. Жалпы бұл мақсатқа бюджеттен 145 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Оған 52 жоба жүзеге асуы керек. 

Айгүл Шоқанаева, қала тұрғыны:

- Осы үйдің ер азаматтары құм тасып, кем-кетігін өздері қалпына келтіріп жатыр. Әткеншектері де ыңғайсыздау. Әйтеуір жоқтан бар деп отырмыз қазір.

Руслан Асаубаев, арнайы мониторингтік топтың мүшесі:

- Былтыр дәл осы жобаның құны 2,5 миллион теңге еді. Биыл ол бірден үш жүз мыңға қымбаттап кеткен. Неге екені белгісіз. Оның үстіне алаңқайларда құм жоқ, әрі қоршалмаған. Тағы жабындысы болуы керек. Дәл осындай ойын алаңқайын біз интернеттен іздеп тауып бағасын салыстырдық. Оның құны мыналардан әлдеқайда төмен.

Хабар 24 телеарнасы