427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқашқа рекордты көлемде шабақ жіберілді

  • 116
  • UPD: 22:18, 05.10.2020
Балқашқа рекордты көлемде шабақ жіберілді

Балқаш көліне рекордты көлемде шабақ жіберілді. Бұл жолы айдынға 353 мыңнан астам тұқы балығы босатылды.

Оларды зақымдап алмас үшін мамандар сонау Тараздан арнайы ыдыстармен жеткізіпті. Шабақтарды жіберуге көлдің тіршілікке қолайлы, қамысты аумағы таңдалған.

Табиғат жанашырларының айтуынша, шабақтар мұз қатқанға дейін бейімделіп, біраз өсіп қалады. Әзірге олардың орташа салмағы 21 грамм ғана. Балқашқа балықшылар көптеп келеді. Туристерді де негізінен осы қызықтырады. Сондықтан көлдегі балық құрып кетпес үшін табиғи тепе-теңдікті бұзбай, қолдан өсім жасап отыру аса маңызды. Қазір көлде балықтың 25-тен астам түрі бар, оның 10-ы аулауға арналған. Арасында қызыл кітапқа енген Арал бекіресі, Балқаш алабұғасы секілді сирек тұқымдар да кездеседі.

Еркінбек Құматаев, балық шауашылығы ғылыми-өндірістік орталығы балқаш филиалының директоры:

- Балықтарды осы ағынға жіберген себебіміз мұнда жыртқыш балықтар аз және қамыс көп. Бұл жерде бұлар ауыр жолдан кейін бейімделіп, ары қарай көлге қосылады. Кәсіптік қорға жеткізу үшін әлі үш жыл уақыт керек. Үш жыл уақыт ішінде кәсіптік қорға жетіп, бұйырса біздің дастарқанымызда болады деген армандамыз.

Хабар 24 телеарнасы