432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында 5,2 млн тоннадан астам астық жиналды

  • 131
  • UPD: 20:30, 05.10.2020
Ақмола облысында 5,2 млн тоннадан астам астық жиналды

Ақмола облысында егін орағы аяқталды. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, аймақ диқандары 5 миллион тоннадан астам астық жинаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 процентке көп екен. Өнімділігі де жаман емес. Әр гектардан орташа есеппен 11,2 центнерден өнім алыныпты. Қамырлығы да 30 проценттің маңайында. Бидайдың 95 проценті 3-санатқа жатады. Яғни өте сапалы. Сары алтын қазір астық сақтау қоймаларына құйылып жатыр.

Мамандардың айтуынша, жаздың құрғақ, күздің жаңбырлы болуына қарамастан осындай олжалы болуға тиімді агротехникалық шаралар сеп болды. мамандары. 

Димаш Таласбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Мемлекеттің қолдауының арқасында биыл Үкіметтен 73 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның 37 млрды шаруаларға субсидия ретінде берілді. Мұнан бөлек диқандар күзгі жиын-терім үшін 73 мың тонна арзандатылған сұйық.

Хабар 24 телеарнасы