429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында аңшыларға жабайы құс атпауға кеңес берілді

  • 150
  • UPD: 23:02, 05.10.2020

Павлодар облысында құс тұмауы жабайы қанаттылардан тарағаны белгілі. Бірақ аймақта дала құстарының жаппай өлімі тіркелген жоқ. Мұны су айдындарын күнделікті тексеріп жүрген мамандар растады. Жануарлар әлемін қорғау және орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы аңшылық кезеңі қызған шақта рейдтік шараларды қолға алды.

- Здесь утка, кулики, просто их не видно. Почему? День... 

Осы тектес тексерулер күнбе күн жүргізіледі. Мақсат - жабайы құстардың өлімі тіркелсе, дереу шара қолдану. Сондай-ақ қанаттылардың қалай ұшып қонып жүргендігі жіті бақыланады. Әзірге қандай да бір күмән келтіретін жайтталар байқалмады. Облыста 38 аңшылық шаруашылығы бар. Әрқайсысының иелігіне кем дегенде бес көл бекітілген.

Владимир Перескоков, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы:

- Көлдердің жағалауын бақыладық. Құстар алаңсыз тіршілік етіп жатыр. Ешқандай аутықуды байқамадық. Қазіргі уақытта солтүстік өңірден ондаған құс түрі ұшып келді. Топ болып су айдандарына жиналады. Содан соң аймақтарға ұшып кетеді. Бұл жыл сайын қайталанатын жағдай, қазір бәрі тұрақты.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Павлодар қаласының аумағында осы тектес 20-дан астам шағын көлшік бар. Сала мамандарының айтуныша су айдандарында қазіргі 20-ға жуық жабайы құс түрлері тіршілік етеді. Жалпы аймақта құс тұмауы деректері тірклегелі бері инспекторлар қауымы рейдтік шараларды күшейте бастаған.

Жабайы үйрек, тырна, аққу, қасқалдақ, шалшықшы... Күзгі көші-қон кезінде өңірдің су айдындарынде мекендейтін құстардың бір сыпырасы бұл. Мамандардың айтуынша, кей кездері аймаққа ұшып келетін қанаттылардың түрі 60-қа жетеді. Басым бөлігін аулауға ресми түрде рұқсат бар.

Арман Мұқатаев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бөлім басшысы:

- Аңшыларға құс тұмауының таралуына байланысты құс атуға шықпай тұруға кеңес береміз. Облыста жабайы құстарды аулау кезеңі бір ай бұрын ашылды. Алғашқы күндері оған  500-ден астам жолдама берілген. Дегенмен, құс аулағысы келетіндердің саны күрт азайды. 

Инспекторлардың айтуынша, тұрғындарға малдарды ашық су айдандарында суаруға тыйым салынған. Бұл ережені үй құстарын ұстаушылар да сақтау керек. Себебі төрт түлік пен қанаттылар жабайы құстар тарататын түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Бұл сақтық шаралардың бірі. Дегенмен, оған құлақ асып жатқандар некен-саяқ.

Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы