432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте жолайырық құрылысы басталады

  • 252
  • UPD: 23:08, 05.10.2020

Шымкентте қазан айының 15-нен бастап, қаланың орталығында жолайырық құрылысы басталады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. Жоба шаһардағы көлік кептелісін болдырмауды көздейді. Сонымен қатар жол апаттарының алдын алу мақсатында қолға алынып отыр. Құрылыс ауқымы 3 кезеңді қамтиды. 

Жолайырық қаланың Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысында салынады. Құрылысы 10 күннен соң басталады. Бұл қиылыс шаһардағы көлік көп жүретін магистральді көшелердің бірі саналады. Әсіресе таңғы және кешкі уақытта Қонаев даңғылы автокөлікке лық толады. 

БЛИЦ:

- Здесь постоянные пробки. Я считаю, что нужно.

- После шести до девяти пробки.

- До 11 здесь пробка и вечером тоже.

Қазір құрылысты жүргізетін мердігер мекеме анықталған. Жолайырық жұмысы жалпы 3 кезеңді қамтитынын болады. Бастапқыда Қонаев көшесінің шығысы мен Рысқұлов көшесінің оңтүстігі есепке алынған. Ал құрылыс жүретін көшелерде жол қозғалысын ұйымдастыру жағы да алдын ала қарастырылған екен.

Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары:

- Қонаев көшесінің бір жақ бөлігін ғана жабамыз. Жандосов көшесінің қиылысынан жоғары қарай «Роял» фитнес клубының алдынан жабамыз. Оны жапқан кезде транспортты Қонаевтың бір жағымен жүргіземіз. Оған дейін машиналар келеді де солға қарай тік, Бәйдібекке қарай сол жаққа ығысады.

Жобаның екінші кезеңі келесі жыл басынан бастап, шілде айына дейін созылады. Қонаев даңғылы «Роял» клубы тұсынан Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек би даңғылы Рысқұлов көшесінен Дулати көшесіне дейін жабылады. Ал соңғы кезеңнің жұмыстары жыл соңында аяқталады деген жоспар бар. Көлік жүргізушілеріне қиындық тудырмас үшін жолдарды реттеу тиісті басқарма мен полицияның ұдайы назарында болмақ. Ал жолайырықты салу үшін республикалық және жергілікті қазынадан 7 млрд теңге жуық қаражат жұмсалмақ.

Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы