432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемен іргесіндегі ауыл электр қуатына жарымай отыр

  • 117
  • UPD: 08:08, 06.10.2020
Өскемен іргесіндегі ауыл электр қуатына жарымай отыр

Өскемен іргесінде тұрса да, таза ауыз су, сапалы жол мен қоғамдық көлікке жарымай отырғандар көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Ахмер кентіндегі тұрғындар электр қуатының тапшылығын тартып келеді. Бастапқыда мұндағы жұрт тек қана генератор пайдаланып келіпті. Кейіннен аудан ішіне электр бағандарын орнату жұмыстары жүргізілген. Алайда ол шаруа орта жолдан тоқтап қалған. Ал электр бағанына қосыла алмай қалған тұрғындар еріксіз алыстағы бағандарға сым жалғап алған. Бұл халықтың шарасыздықтан тапқан амалы. Электр қуатына қосылғандардың да қуанышы көпке созылмады. Өйткені ток күші аз. Тұрмыстық техникаларды қолдану мүмкін емес, ал кешке тіпті шаммен отырғандай күй кешеміз дейді тұрғындар.

Гүлнәр Ерғазина, ауыл тұрғыны:

- 2012 жылдан бері жарыққа жарымай келе жатырмыз, Тоңазытқышты күніне бірнеше рет өшіреміз.

Ахмер кентіндегі электр қуатының тапшылығына не себеп? Мұндағы электр сымдарының ешбір қауіпсіздік талаптарынсыз тартылуына кім жауапты? Бұл туралы тілшілеріміз әзірлеп жатқан бейнематериалды алдағы жаңалықтар шығарылымында көретін боласыздар.

Хабар 24 телеарнасы