428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы халықаралық әуежайында санитарлық сақтық шарасы күшейтілді

  • 157
  • UPD: 13:31, 06.10.2020

Енді шетелден ұшып келетін отандастарымызда коронавирустың бар-жоғын дәлелдейтін тест анықтамасы болуы шарт, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер ондай сараптама болмаса, қалаға кіруге рұқсат етілмейді.

Алмас Сәдуақас, тілші:

– Шетелден ұшып келушілерде ПТР-тестілері болуы керек. Ал бұл тестіден өтпегендер әуежай жанындағы қонақ үйге орналастырылады. Сол жерден ағзалары тексеріліп, тест нәтижелерін күтеді. Ал дене қызуы жоғары немесе вирус белгілері бар жолаушылар әуежайдың оқшаулау бөлмелеріне жатқызылады. Егер індет белгілері айқын байқалса, қаладағы инфекциялық ауруханасына жіберіледі. Бұл талап шетелдік азаматтарға да ортақ. Олардың да ПТР-тестілері болуы керек. Болмаған жағдайда ел шекарадан өткізілмейді. Қазір әуежайдағы санитарлық сақтық шаралары қатаң. Кеден, шекара, санитарлық қызмет бақылауы қатаң. Ел ішіндегі қала аралық әуе қатынасы график бойынша тұрақты жұмыс істеп тұр.

Хабар 24 телеарнасы