432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биылғы астық көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтуға мүмкіндік береді – ҚР АШМ

  • 164
  • UPD: 11:29, 06.10.2020
Биылғы астық көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтуға мүмкіндік береді – ҚР АШМ Ақтөбе газеті

Елімізде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі күнге дейін 16 млн гектар жерде жүргізілген. Бұл туралы бүгін Үкімент отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, орылған астық көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтуға және 8 млн тонна көлеміндегі дақылды экспорттауға мүмкіндік береді. Бүгінде отандық нарыққа керек азық-түлік тауарларының 29 түрі бойынша мониторинг жүргізіліп келеді. Оның жартысына жуығы қажетті мөлшерде өндіріледі. Тек 6 түрі бойынша тиісті шараларды іске асыру көзделіп отыр. Жалпы бұл салада 13 инвестициялық жоба жүзеге аспақ.

Хабар 24 телеарнасы