428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға шетелден келген 100-ден аса жолаушы стационарға жатқызылды

  • 93
Елордаға шетелден келген 100-ден аса жолаушы стационарға жатқызылды

Өткен түнде елордаға 3 ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екеуі Дубайдан. Біреуі Анталиядан. Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткен жолаушылардың ішінде 59, ал, Түркиядан келгендерден 70 адам стационарға жатқызылды. Себебі – талап бойынша оларда коронавирусты анықтайтын тестің нәтижесі болмаған. Бұдан бөлек, бүгін таңғы 06:30-да Ыстамбұлдан елордаға тағы бір рейс келді. Одан анықтамасы жоқ тағы 37 адам стационарға жіберілген.

Хабар 24 телеарнасы