428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқоңырда медицина мамандары тапшы

  • 114
Байқоңырда медицина мамандары тапшы

Байқоңырда карантиндік шектеу шаралары 18 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұлдызды қалашыққа туристердің келуіне тыйым салынған. Байқоңырлықтардың туыстары да өткізу бекетінен кіре алмайды. Алғашқы COVID-19 жұқтыру дерегі мамыр айында тіркелсе, қыркүйектің аяғында науқастар саны 1043-ке жетіп, 68 тұрғын қайтыс болды. Байқоңырдағы Қазақстанның жалғыз көпбейінді ауруханасында дәрігерлер жетіспейді. Ғарыш айлағындағы 30 мыңдай және Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының тұрғындарына қызмет көрсететін емдеу мекемесінде окулист, реаниматолог, инфекционист маман тапшы. Ресейге жалға берілген аумақта жұмыс істеуге жастарды ынталандыру үшін жергілікті билік бірқатар жеңілдік қарастырып отыр. Ең бастысы, Байқоңырға барғандар баспанамен қамтылады. Жалпы облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына 137 салалық дәрігер жетіспейді. Маман тапшылығын жою мақсатында сырбойылық 100 түлек отандық медициналық университеттерде арнайы тапсырыспен оқытылып жатыр. Сондай-ақ 30 шақты студент резидентуралық білімін жетілдіру үстінде. Оқуын тәмамдаған жас мамандардың бір бөлігі Байқоңырдағы ауруханаға жолданады. Ал қазір медициналық нысан індеттің келесі толқынына дайындық мақсатында өкпені жасанды желдету аппараттары және 32 оттегі концентраторымен жабдықталып, дәрі-дәрмек қорын жасақтап қойды.

Олжас Ысқақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Байқоңыр қаласынан 5 үй берілген. Сол 5 үйдің ішінен 12 пәтер денсаулық сақтау саласына беріліп, аса қажетті мамандарды сол пәтерлерге орналастырып жатырмыз. Көршілес аудандардан ынта білдірушілер бар. Осы биылдан бастап ауылдық елді мекендерге жолданғандарға қаржылай көмек жасау үшін 500 АЕК бөлу мәселесін жыл соңына дейін қарап жатырмыз. Облыс әкімдігінің қолдауын тапты.

Хабар 24 телеарнасы