428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысының Ресеймен шекаралас аймағында санитарлық бекет қайта құрылды

  • 133
Қостанай облысының Ресеймен шекаралас аймағында санитарлық бекет қайта құрылды

Бүгіннен бастап Қостанай облысының Ресеймен шекаралас аймағында санитарлық бекет қайта құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Жітіқара ауданындағы «Желқуар» өткізу пунктінде орналасады. Карантиндік шараларды күшейту мақсатында жергілікті жедел штаб осындай қауылы қабылдаған. Қазақстанға кіргендер сол жерде сауалнамалардан және термометриялық тексерістен өтеді. Күніне екі елдің шекарасын 100-120 адам кесіп өтеді. Сонымен бірге ауданда қырық орынға шақталған карантиндік стационардың жұмысы қайта жанданды.   

Зүлфия Орманова, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары:

– Егер шетелден жоғары дене температурасымен келгендер болса, оларды инфекциялық бөлімге орналастырамыз. Ал келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға екі тәулікке жатқызылады. Ол Жітіқара аудандық мүгедектерді оңалту орталығында орналасқан. Онда ем алушылар екі апта болады. ПТР-сынамасын аламыз. Егер оның нәтижесі теріс шықса, азаматтар жіберіледі. Оң нәтижесі барлар ем қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы