428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы карантин стационары шетелден келген жолаушыларды қабылдай бастады

  • 134
  • UPD: 14:05, 06.10.2020
Елордадағы карантин стационары шетелден келген жолаушыларды қабылдай бастады Елорда әкімдігі

Бүгінде халықаралық рейстермен келген 150 жолаушы«Рамада Плаза» қонақ үйіндегі карантин стационарынаоқшаулауға алынды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

5-інен 6 қазанға қараған түні елордаға шетелден 4 рейс келді. Екі ұшақ Біріккен Араб Әмірлігінен, қалғаны Түркия Республикасынан. Қалаға барлығы 483 адам шетелденұшып келді, оның 333-і COVID-19 тестінен өткені туралы куәлікпен келді. Қалған 170 адам анықтамасыз әуежайданауруханаға жеткізілді. Онда адамдар ПТР арқылы зертханалық зерттеулерден өтті. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

«Мұндай шаралар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Көктемде біз шетелден келетін олаушыларды карантин стационарларына орналастырып, сараптама жүргіздік. Сондықтан, бұл бағытта елорданың денсаулық сақтау саласы толық дайын. Жалпы, халықаралық рейстер жолаушыларына 800 төсек-орын ұйымдастыруға дайынбыз», – дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлықдәрігерінің 2020 жылғы 5 қазандағы Жарлығына сәйкес, дене температурасы жоғары адамдар, анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады.

COVID-19 зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылады, теріс нәтижесі барларға COVID-19 белгілері туралы түсіндірме жүргізіліп, үйге жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы