428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпкерден 30 млн теңге талап еткен Алматы тұрғыны ұсталды

  • 97
Кәсіпкерден 30 млн теңге талап еткен Алматы тұрғыны ұсталды

Алматыда жергілікті кәсіпкерден 30 миллион теңге талап еткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ретінде өзін таныстырған. Тергеу департаментінің қызметкерлері оны қолма-қол ақша алу кезінде ұстады. Өз кінәсін мойындаған күдікті экономикалық тергеу бөлімінде бұрын жұмыс істегені белгілі болды. Бірақ 3 жыл бұрын пара алғаны үшін сотталып, жұмысынан босатылған. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы