427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау науқаны басталды

  • 174
  • UPD: 14:25, 06.10.2020
Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау науқаны басталды

Өңірде 131 шаруа қожалығы балтамыр еккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл жиын-терінді алғашқы болып Меркі ауданының шаруалары бастады. Жергілікті диқандар гектарынан 700 центнерге дейін өнім алуда.

Аймақта жалпы көлемі 5,4 гектар алқапқа қант қызылшасы себілген болатын.  Ауыл шаруашылығы саласының мамандары кемінде 140 мың тоннадан астам өнім алуды жоспарлап отыр. Ал түскен дақылды Меркі қант зауыты келісін 8 теңгеден қабылдап жатыр. Шаруалар Qoldau.kz порталы арқылы өнімдерін өткізгені туралы электронды өтінім берсе, мемлекеттен әр келіге 12 теңгеден субсидия төленеді. 

Мейірхан Өмірбеков, Меркі ауданының әкімі:

– Технология өзгерді, тұқым жақсарды. Соның нәтижесінде биылғы жылы біздің алдыңғы қатарлы шаруашылықтар ол 100 тоннаға дейін өнім аламыз деп жоспарлаған. Егер өнімді осындай мөлшерде алатын болсақ, оның әр гектарынан 1-1,5 млн таза табыс табуға болады деп үміттеніп отырмыз. Осының өзі халықты жігерлендіреді. Өйткені олардың да қызылша егуге деген құлшынысы бар.

Хабар 24 телеарнасы