428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында майшабақтарды құтқару акциясы басталды

  • 119
  • UPD: 15:17, 06.10.2020

Қазіргі уақытта жануарлар әлемін қорғау саласының мамандары оқшауланған су тоғандарындағы шабақтарды аулап, Ертіс өзенінің негізгі арнасына жіберуде.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Көктемде Ертіс өзені арнасынан шыққан сәтте Павлодар облысының аумағында көптеген шағын көлшік пайда болады. Бұл су тоғандары оқшауланған деп аталады. Себебі өзеннің негізгі саласынан ажырап қалады. Айта кетейік, бұл – жыл сайын қайталанатын құбылыс.

Мәселен, осы шағын көлшік оқшауланған, яғни Ертістің негізгі арнасынан ажырап қалған. Мұнда ондаған балық түрінің миллиондаған майшабақтары тіршілік етеді. Су саласы мамандарының айтуынша, олардың қырылып қалмауы үшін жыл сайын осындай экологиялық акциялар ұйымдастырылады. Балықтар қарапайым әдіспен ауланады. Аудың көмегімен ұсталып, кейін өзенге жіберіледі. Шараларды су тоғандарын мұз басқанша аяқтап үлгеру керек. Себебі балықтар оттегінің жетіспеушілігінен табиғи жағдайда қырылып қалуы мүмкін. Сала мамандарының айтуынша, балықтардың қырылмауы үшін осыдан бөле көзге де экологиялық акциялар қолға алынуы тиіс. Бұл міндетті табиғат пайдаланушылар атқарады.

Жасұлан Жұмашев, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

– Келесі жылы бізде Ертіс өзеніне бағалы балықтардың 40 мың данасы жіберіледі. Оған арнайы 3 млн теңге бөлінеді. Бағалы балықтар – тұқы балықтары және өсімдіктерді жейтін басқа балық түрлері. Бұл неге істелінген? Өзендер мен көлдердің өсіп кетпеуіне арналған. Осындай шараларды атқаратын бізде 27 субъект бар, оларға 57 көл тіркелген. 

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Экологиялық акцияларды өткізудегі басты мақсат – бағалы биоалуандылығын сақтап қалу. Акциялар биылғы жылы Баянауыл ауданында да ұймыдастырылды. Торайғыр және Сабындыкөл көлдеріне шортан және тұқының 145 мыңнан астам майшабағы жіберілген. Осы тектес шаралар Ертістің негізгі арнасында да өткізілмек.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы