427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында салмағы 6 келіден асатын нәресте дүниеге келді

  • 174
  • UPD: 14:56, 06.10.2020
Қостанай облысында салмағы 6 келіден асатын нәресте дүниеге келді

Қостанай облысында салмағы 6,1 келі болатын сәби дүниеге келді.

Рудный қалалық көпсалалы ауруханасында 1 қазан күні дүние есігін ашқан сәбиге Елжан есімі берілді, деп хабарлады alau.kz.

35 жастағы Динара Ержанова осымен төртінші рет ана атанды.

Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімінің меңгерушісі Людмила Тулебаева айтуынша, өзінің көп жылдық тәжірибесінде мұндай салмақтағы бала бірінші рет дүниеге келген.

«Мен баламның ірілеу болатынын сездім, бірақ осынша салмақта болады деп ойламадым. Бірінші балам 3800 грамм, екіншісі 3890 және үшінші 4670 грамм болып дүниеге келген», - деді баланың анасы.

Хабар 24 телеарнасы