427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда ақын Абайдың бейнесі салынған панно пайда болды

  • 115
Петропавлда ақын Абайдың бейнесі салынған панно пайда болды

Бұл – Қазақстанда керамикалық плиталардан құрастырылған алғашқы туынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекше ескерткіш Абай мен Мұхтар Әуезов көшелерінің қиылысындағы көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған. Авторы белгілі суретші – Болат Әсербеков. Қылқалам шеберінің айтуынша, ұлы ақынның панносын салу үлкен тәуекел мен еңбекті талап еткен. Қалада сонымен қатар Мағжан Жұмабаевтың бейнесі салынды.   

Болат Әсербеков, жоба авторы:

– Үлкен тәуекелге бардық. Онымыз ақталды деуге де болады Керамика – көпке шыдайтын материал. Кем дегенде 25 жыл тұрады. Мәңгілік деуге болады. Бұл ең алдымен ұлы Абайға деген құрмет.

Хабар 24 телеарнасы