432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда қаласының тұрғыны алаяққа жем болды

  • 218
  • UPD: 15:18, 06.10.2020
Қызылорда қаласының тұрғыны алаяққа жем болды

Бұрын сотты болған 28 жастағы күдікті жұмысқа орналастырып және қолжетімді бағамен баспана сатып алуға көмектесемін деп жәбірленушіге уәдені үйіп-төккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сіңлісін де университетке түсіруді өз мойнына алған алаяқ құйтырқы жолмен 5 млн-нан астам теңгені іліп кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті тәртіп сақшыларының қолына түсті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте құқыққорғаушылар алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарды бөгде кісілермен қатынаста сақтық танытып, мал-мүлікке мұқият болуға шақырады.

Мейрамбек Абдуллаев, қалалық ІІБ тергеушісі:

– Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігіне ірі мөлшерде жасалған алаяқтыққа сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қала бойынша ағымдағы жылдың 9 айында алаяқтық дерегімен 371 қылмыс тіркеліп, оның 196-сы сотқа жолданды.

Хабар 24 телеарнасы